ҚазақстандаБЕЙНЕТАСПА

Торт жеп жатқан қойлардың видеосы жұртты таңқалдырды

Желіде торт жеп жатқан қойлар жайлы видео жарияланды.

https://www.youtube.com/watch?v=IjL7lye8jeM

Ролик «Қойлардың үлкен тату отбасында туған күн» деп аталған.

Кадрда автор тәттілер салынған ақырды көрсетеді, содан кейін қой қораға кіріп, оларды шығарады.

  •  «Құрметті қонақтар, қош келдіңдер. Бүгін біздің үйдегі бір қойдың туған күні. Соны құрметпен шақырып алайық. Қарсы алыңыздар, қойлар мен олардың балалары. Ең еркесі бүгін бір жасқа толып отыр. Астарың дәмді болсын, торттан жеп отырыңдар. Шай кейінірек болады», – дейді кадр сыртындағы ер адам.

Кейбір қазақстандықтар ауыл тұрғындары малға мерзімі өткен торттарды берді деп болжады. Қолданушылардың тағы бір бөлігі «әзіл сәтті шықты, қойлардың мерекесі «аста-төк» өтіп жатқанда, қазақтар өміріне шағымдана бермеу керек» деген пікір білдірді.

«Спутник Қазақстан»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button