Қазақстанда

Заңсыз елік аулаған браконьер ұсталды

4 ақпан күні облыстық және аудандық табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері мен «Соколов» аңшылық шаруашылығының аға қорықшысы бірге шаруашылық аумағына рейдке шықты. Олар Желяково елді мекені маңында қарда жүргіш техниканы тізгіндеген облыстың екі тұрғынын байқайды. Ізбен жүріп отырып, аң аулау жабдықтарын және екі сібір елігін анықтайды. Аңшылар бір елікті ағашқа асып, мүшелей бастаған екен.Оқиға орнынан екі еліктің еті, есепке қойылмаған «Yamaha» қарда жүретін көлігі тіркемесімен және тіркелмеген мылтық, аңшы пышағы, сондай-ақ оқ-дәрі алынды. Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды,Қызылжар аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. . Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, полицейлер күдіктінің жанында болған туысының қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтамақ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button