ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ КІМДЕР АЛА-АЛАТЫНЫ НАҚТЫЛАНДЫ

by Depti
0 views

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы qamshy.kz порталы хабарлайды.

Президент халыққа жолдауында әлеуметтік сала бойынша бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы осы жылдың соңына дейін азаматтардың өз зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат тұратын емге төлеуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалану бойынша қажетті құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмысын жүргізуді тапсырды. Бүгінде мақұлданған тұжырымдамалық шешім бар. Аталған мақсатта 721 мың адамның өз зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі болады. Осы орайда шамамен 1,4 трлн теңге көлемінде, – depti Нұрымбетов.

Оның ішінде жеткілікті шегінен асатын зейнетақы жинағы бар 530 мыңға жуық жұмыс істейтін азамат, 178 мыңнан астам зейнетақы жинағы бар зейнеткер және 13 мың аннуитет төлемдеріне шарт жасаған азаматтар қамтылған.

Айта кетейік, кеше үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауға болатынын атап айтты.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com