Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов онлайн форматта өткен халық алдындағы есептік кездесуінде 15 маусымнан бастап Қазақстан бірқатар елдермен халықаралық әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Azattq-ruhy порталы хабарлайды.
« «Жақында ведомствоаралық комиссия жиын өткізіп, 1 маусымнан бастап Қазақстан Корея, Қытай, Әзербайжан елдерімен арадағы халықаралық әуе рейстерін қайта ашу туралы шешім қабылдады. COVID-19 бойынша қауіпсіз елдердің халықаралық рейтингі жасалған, шешім де сол бойынша қабылданды.
Келесі кезеңде Германия, БАӘ, Чехия және Таиланд елдері бар. Польша мен Венгрияға да рұқсат алып қалуымыз мүмкін. Бұл – 15 маусынан кейінгі екінші кезең аясында. Мен басқа елдердегі әріптестеріммен үнемі байланыстамын. Жақында Түркияның Транспорт министрімен сөйлестім. Олар 20 маусымнан бастап Анталияға рейстер ашуға келісіп отыр. Бұл бойынша жұмыстар жалғасады», – depti Индустрия министрі.