ӨҢІРІМІЗДЕ 380 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің елімізде жүзеге асқанына екі айдан астам уақыт өтті. Жүйе толыққанды жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Қазақстан халқының 90 пайыздан астамы,  Ал Атырау тұрғындарының 94 пайыздан астамы сақтандырылған болып есептеледі. Соның ішінде, облыс тұрғындарының  жартысынан көбі, яғни 380 мыңнан астам адам автоматты түрде мемлекет тарапынан сақтандырылып отыр. 

Медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған
2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 28-ақпанына дейінгі аралықта республика бойынша қорға 276,7 млрд теңге аударылды.

Аталған мерзім ішінде Атырау облысынан қорға
17,7 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның
16,9 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары,» – деді  

   Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде сұрақтарыңыз бен шағымдарыңызды 1406 бірыңғай байланыс номері арқылы немесе  Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы жолдауыңызға болады.

Айта кетейік, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң 2015 жылғы 16 қарашада қабылданған болатын.

Exit mobile version