Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 8 жастағы Нұртас Балтабайға 7-інші рет жасалған отадан кейін баланың көзі көрмей қалған.
– Пациент біздің ауруханаға соқырішектің асқынған түрімен түскен болатын. Түскен кездегі диагнозы – жедел гангренозды аппендицит. Жедел оталау бөлімінде ота жасалды. Отадан кейін 3 тәулікте асқыну өршіген соң, яғни перитонит белгілерінің өршуіне байланысты қайта ота жасалды. Науқасқа облыс мамандарының кеңесі ұйымдастырылып, облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды , – деп жауап берді Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Иябайұлы.
Сонымен қатар, ота жасаған дәрігер-хирургқа қатаң сөгіс жарияланып және ол өз еркімен жұмыстан босатылды.
Дәрігерлер баланың жағдайын бақылауда ұстауға уәде берді.