Әйелін сабайтындарға «СКИДКА» қарастырылған

by Depti
1 views

Белгілі адвокат Джохар Утебеков өзінің фэйзбук парақшасындағы жазбасында «ҚР  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отбасында әйелін сабайтын еркектерге деген жауапкершілігі төмендетті»,  ДЕПТІ.

Джохар Утебеков  2020 жылдың  11 қаңтарынан бастап сот бұл үшін жазбаша ескерту алатындығы туралы да айтқан.

Адвокаттың пайымдауынша, біреуді соққыға алған адамға арест салынады. Бірақ, егер таяқ жеген сіздің әйеліңіз болса, жаза жеңілдетіледі.  Яғни, әйелін сабайтындарға «скидка» қарастырылған.  Таяқтау оқиғасы қайғылы аяталуы да мүмкін.  Тіпті әйел полициядан көмек сұрап, шағымданса,  заңды өкіл зардап шегушіге көмектеспеуге де құқылы.

Айта кетері, ерлі-зайыптылар некеде болғаны немесе ажырасқандығы маңызды емес.  Экс-күйеуіңіз сізді соққыға жықса, ренжімеңіз, заңды тұрғыда өзіңізді қорқауыңыз екіталай.

Depti.kz

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com