АТЫРАУ ӘУЕЖАЙЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ АРНАЙЫ ДӘЛІЗ ЖАСАЛДЫ

23 наурыздан бастап еліміздегі әуежайлар әлемдегі пандемияға байланысты жұмыстарын уақытша тоқтатқан болатын. Карантин кезінде тек чартерлік рейстер ұшты.

   Естеріңізде болса 25 мамырдан бастап  Атырау-Нұр-сұлтан, Атырау-Алматы бағытындағы әуе рейстері ашылғаны туралы жазған едік. Ал, 1 маусымнан бастап Атыраудан Қазақстанның барлық қалалаларына ұшақпен жетуге болады.

   «Атма-Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ Бас директорының орынбасары Феруддин Ариф:  «Әуежайда санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Арнайы тоннель жасалды. Әрбір қызметкер қауіпсіздік мақсатында маскалармен, антисептиктермен, қолғаптармен қамтылған. Ең бастысы әлеуметтік арақашықтық сақталады. Қазір қалыпты жағдайда жұмыс жасаудамыз», – деді.

Exit mobile version