Бүгін ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Атырау облысы аумағына 2019-nCoV коронавирусының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейту» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинар барысында Қытай Халық Республикасындағы және әлемдегі жаңа коронавирус ауруының эпидемиологиялық жағдайы, коронавирус жұқпасына күдікті науқас тіркелген жағдайда алгоритм әрекеттері, коронавирусты зертханалық диагностикалау үшін клиникалық материалды алу, тасымалдау, сақтау ережелері мәселелері қаралды.
Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қытай еліне бармауға, жол сапарларды эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдыруға кеңес береді.