АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНАН ЖАЗЫЛҒАНДАР САНЫ 834 АДАМҒА ЖЕТТІ

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 14 адам емделіп шықты ( 12 ер адам және 2 әйел адам), – деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест 14 адамда теріс нәтиже көрсетті. Қауіпті індеттен жазылған науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 834 адамға жетті.

Exit mobile version