АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ ҚАМЫС ЖАНУДА

  Атырау қаласында түтін және күйік иістің пайда болуына байланысты Атырау облысының ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Р. Бляловтың басшылығымен  өрт ошақтарын анықтау үшін  «Eurocopter » ЕС-145 әуе кемесінде аэровизуалды ұшу жүргізілді. Әуе барлауы барысында Каспий теңізінің жағалау аумағы бойынша «Айсан» каналының сағасында шамамен 15-17 га болатын құрақ өсімдіктері (қамыс) жанып жатқаны анықталды.

«Өрт сөндіру техникасы мен жеке құрам үшін кіреберіс жолдардың болмауына байланысты өртті сөндіру мүмкін емес. Аталған жану облыс орталығына қауіп төндірмейді», – Атырау облысы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының баспасөз қызметі.

Exit mobile version