«2019 жылы Атырау облысының аумағында балық шаруашылығы саласында 2544 құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушыларға 13 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 6-ауы сотта қаралды, кінәлі адамдар жазаға тартылды. Балық қорғау заңнамасын бұзған 1424 құқық бұзушыға 26,4 млн теңге сомасында айыппұл салынды, оның ішінде 23,5 млн теңге немесе 89,1%-ымемлекет бюджетіне түсті. Заңсыз айналымнан 22,4 тонна балық, оның ішінде 616,3 кг бекіре тұқымдас балық, 4175 аулау құралы және 260 бірлік жүзу және көлік құралы алынды», – depti Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Рүстембек Куркутов.