Өткен жылғы бекітілген 39 елді мекендердің шекарасы биыл бекітіліп, жұмыстар толық аяқталады.
«Өткен жылы Қызылқоға ауданының жер қорының бір бөлігін Мақат ауданының жер қорына беру жұмыстары биыл бітеді. Сондай-ақ, 45 елді мекеннің шекараларын белгілейміз. Осы жұмыстарға облыстық бюджеттен 75 895 мың теңге бөлінді», – деді Атырау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Серікқалиұлы.