АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА COVID-19 ІНДЕТІНЕН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚҚАНДАР САНЫ 93 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

«Өткен тəулікте 390 адам коронавирустан жазылып шықты» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Бұл жерде коронавирус инфекциясының симптомды, симптомсыз түрімен сырқаттанған науқастардың арасында емделіп шыққандардың барлығы есепке алынып отыр.

Жалпы, ел бойынша өткен тәулікте 1219 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Айта кетелік, Атырау облысында ресми статистикаға сәйкес, инфекция жұқтырғандар саны —10717. Олардың 10 002-сі жазылып шықты. Ал облыстағы карантиндік стационарлар толықтай жабылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button