АТЫРАУДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

by Depti
0 views

Атырау облысында балалар арасында жедел респираторлық вирустық жұқпаның өршуі жоқ. Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жедел респираторлық вирустық жұқпамен отызға жуық бала ем алып жатыр, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар аурханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешованың сөзіне сілтеме жасап.
Әсия Сидешованың айтуынша, жедел респираторлық вирустық жұқпаға қатысты маусымдық ахуал тұрақты. Вирустық жұқпалы аурулар өрши қалған тұста №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы дәрімен толықтай қамтылған.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейінгі мәліметке сүйенсек, жұқпалы аурулар ауруханасында «COVID-19» жұқпасымен отыз бала ауырып, емделіп шықты.
«Балалар «COVID-19» жұқпасын жеңіл жағдайда өткерді. Клиникалық белгілері де аса қатты білінген жоқ. Асқыну,өлім-жітім тіркелмеді. Қазір түгелдей жазылып, ауруханадан шығарылды», – depti Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешова.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com