АТЫРАУДА СOVID-19 ІНДЕТІНЕН 81 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ КӨЗ ЖҰМДЫ

Атырауда коронавирустан тоғызыншы адам өлімі тіркелді, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

1939 жылғы науқас жедел-жәрдеммен облыстық туберкулезге қарсы диспансердің провизорлық стационарына жеткізілген. Қабылдау кезінде қарт кісі температураның 39 ° C-қа дейін көтерілуіне, әлсіздік пен тершеңдікке, құрғақ жөтелге және тәбеттің төмендеуіне шағымданған.

Провизорлық стационарға жеткізілген сәтте зейнеткердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Қарт кісіден коронавирусқа тест алынып, нәтижесінде COVID-19 анықталды.

Exit mobile version