АТЫРАУДА АЗЫҚ-ТҮЛІК АРАСЫНА ЖАСЫРУ АРҚЫЛЫ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІГЕ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ЖЕТКІЗБЕК БОЛҒАН

by Depti
0 views

22 маусым күні УГ-157/1 мекемесінде ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлімімен ұсталып отырған Сармуханов Ерболат Сагидоллаевич атты 1981 жылы туған азаматқа сәлем-саухат қабылдау бөлмесі арқылы шайдың ортасына салынып жеткізілмек болған 1 дана ұялы телефон тәркіленді.

Тексеру тобының бақылаушысы әділет аға сержанты Дилара Змаратқызы өз жұмысының маманы екенін тағыда дәлелдеді.
​Сәлемдеме алып келген азаматқа азық-түлікті қабылдап алу барысында тиым салынған заттар табылғаны үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтың 481-ші бабы бойынша жауапқа тартылатындығы ескертілді.
​”Азық-түліктің арасына телефон тығып арам пиғылын іске асырмақшы болған азаматтан түсініктеме алынып, іс-құжаттар жинақталып шешім шығару үшін сотқа жолданды. Қабылданған шешімдер қосымша жарияланады”, – depti аталған мекеменің баспасөз қызметі.

726958ad 919a 4d79 bbb2 2b104bc132ea

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com