«АТЫРАУДЫҢ» ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Футболдан  2020 жылғы Қазақстан кубогы алғашқы кезеңінің жеребесі өтті.

Сайысты Бірінші лиганың 4 топқа бөлінген 15 командасы бастайды. Әр топтың жеңімпазы 1/8 финал ойындарына өтіп, Премьер-лига клубтарымен кездесетін болады.

Атыраулықтар А тобында «Ақсу» (Павлодар облысы), «Оңтүстік Академия» (Шымкент) және «Екібастұз» футбол клубтарына қарсы өнер көресетеді.

Алғашқы кезеңнің кездесулері наурыздың 16 мен 26 аралығында «БИІК» спорт кешенінің базасында өтеді.

Exit mobile version