Үшінші сыныпта оқитын журналист

Ғабит Мүсірепов атындағы № 5 орта мектептің оқушысы Хасанов Барлық «Атырау-Ақпарат» ЖШС-де экскурсия жасады. Ол үшін жалпы журналистика мамандығы мен бейнематериалдар мен газеттердің қалай жасалатыны өте қызық болды. Үшінші сыныптың озат оқушы, Республикалық ғылыми жобалар олимпиадасына қатысуға дайындық үстінде екен. Бұл экскурсия оның ғылыми жобасының негізгі бөлімі.

«Барлық өте алғыр. Естіген,көргенін ұмытпайды. Өзі ықылас білдіріп, «Атырау-Ақпарат» ЖШС-не келдік» – депті анасы Хасанова Гүлзира.

Газет шығару зауытына барып, ірі техникалардың жүргізіп жатқан жұмыстарын көрген Барлықтың көз жанары жанып кетті.

Exit mobile version