АТЫРАУЛЫҚ ТЕАТР НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫ РЕПЕРТУАРЫН КӨРСЕТІП БАСТАДЫ

Наурыз айының алғашқы қойылымы драматург Е.Домбаевтің шығармасы негізінде қойылған режиссер Н.Жұманиязовтың  «Әй, қыздар-ай» спектакльі болды. Театрдың кіші залы спектакльді тамашалауға келген көрерменге лық толды. Оқиға желісі  бойынша карта ойынының азартымен күйеуін бәске тіккен есер әйелді құрбылары мықтап тұрып бip «қатыруды» алдын- ала жоспарлайды.  Сөйтіп әзіл арқылы ecipген әйелді тезге салады.

Көрермендердің назарына ұсынылатын келесі спектакль  – 12 наурыз күнгі Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне»  трагедиясы болмақ.

 Сондай-ақ, ағымдағы айдың 24-25 күндері қаламызға Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының гастрольдік сапары жоспарланғанын және 26 күні «Халықаралық театр күні» аталып өтілетіндігін айта кеткен жөн.

Exit mobile version