Атыраулық зейнеткерлер оқушы атанды

Атыраулық оқушылар зейнеткерлерге бүкіләлемдік ғаламтор жүйесін пайдалануды үйретуде. Мұндай бастама еліміздегі «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» желісінде өтіп жатқан «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасында қолға алынған. Бұл жоба бойынша мектептің 8-10 сынып оқушылары, қарттарды партаға отырғызып, кәдімгі сабақ өткізіп, үйретеді. Оқу жылы басталғалы өтіп жатқан «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасына 20-ға жуық қарттар тартылған. Осылайша кей қариялар алғаш рет сымсыз желіге қосылып танымал әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашты. Кейін жоба қатысушылары бір-бірін «достыққа» қабылдап байланыс құралының мүмкіндіктеріне тәнті болды.

Нағыз рухани демалысты осында таптым. Жобаның барлық мүшелеріне ризашылығымды білдіремін», – депті 79-жастағы атыраулық зейнеткер Наталья Образцова.

Exit mobile version