Екі жыл бұрын жоғалған бала педофилдің қолында болған

6da6cb18b6b3eae985b74c2fae71355a 980x
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Германияда екі жыл бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім табылды. Ол 44 жастағы жұмыссыз ер адамның сайман қорасынан шықты. Құқық қорғау органдары балалар порнографиясын таратқан деген күдікпен оның үйіне тінту жүргізген, деп хабарлайды РИА Новости.

Достарына барып келемін деп үйден шығып, сол күйі оралмаған жасөспірімге 2017 жылы іздеу жарияланған.

Осы уақыттың өң бойына ол осы сайман қорада қамалып отырған. Оның үстінде жоғалған кезде киген киімі болған.

Марвиннің айтуынша, оны ешқашан далаға шығармаған, тіпті таза ауамен тыныс алу үшін де. Жасөспірімнің денесінен ешқандай зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ, бірақ көршілері полицияға үйден біртүрлі шыңғырған дауыстар естігенін айтқан.

Бала отбасына оралды. Тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: kaz.zakon.kz