ЕРІКТІЛЕР КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ҮЙ АЛЫП БЕРДІ

Өткен аптада Доссор кентінің еріктілері жақсы бір дәстүрді жалғап, биылдыққа екінші рет көпбалалы отбасының үйлі болуына көмектерін тигізді.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бір көпбалалы отбасыға баспананы сатып ап беру арқылы қол ұшын созған жандардың бұл жолғы жақсылығы қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келді.

Бастамашыл топтың ұйымдастырушысы боп жүрген Талғат Оразалиев:  «Қажетті  2 млн 300 мың қаражаттың жиналуы жан-жақтан қаумалаған қайырымды жандардың арқасы. Ол отбасының атына барлық құжаттарды заңды түрде рәсімдедік. Біздің мақсат жергілікті мұқтаж отбасыларға қолдан келгенше жақсылық жасау үрдісін тоқтатпау», – depti.

Еріктілер үшінші баспананы күз айларында табыстайтын жоспарлары бар екендігін атап өтті.

Exit mobile version