«Әкімшілік полиция комитеті газбен жүретін көліктерге арнайы белгіні жасады. Егер сіз көлігіңізді газға ауыстырсаңыз техпаспортқа белгі саласыз. Сәйкесінше сіз газбен жүретіндігін білдіретін арнайы белгіні көлігіңізге іліп қоясыз» – депті ҚР Ішкі істер министрлігінде ТЖД төрағасы Барат Дузакбаева.
Айта кету керек, жақында газбен жүретін көліктерді жабық автотұрақтарға қоюға тыйым салынды.