«Әлеуметтік желілерде Алматыдағы рұқсат етілмеген миитнг кезінде бойжеткеннің тәртіп сақшысын жұдырықпен ұрып жіберген видеосы тарап кеткен болатын. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды,» – дейді Matrica.kz Алматылық полиция өкілдеріне сілтеме жасап.
«Заңсыз митингке қатысқан Төлесова қызметтік міндеттерін атқарып тұрған тәртіп сақшысына қарсы күш қолданды», – deptі құқық қорғаушылар.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің айтуынша, қоғам белсендісінің заңға қайшы әрекеті бұлтартпас айғақ ретінде видеожазбамен расталып отыр.
Қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы: ҚР ҚК-нің 378-ші «Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау» бабы;
ҚР ҚК-нің 380-ші «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Полиция өкілдері бойжеткенге 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұрғанын айтады.
8 маусым күні күдікті Төлесова ұсталып, Алматы ПД уақытша қамау изоляторына қамалды.