Отандық жаңа үлгідегі вагондар таныстырылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа үлгідегі вагондарды таныстырды

«90 жылдардағы ескі вагондарды пайдаланып, ішін жаңарттық»-депті компанияның бас директоры Михаэль Кортюм.

Толықтай жаңартылған вагонда орындар көбейген. 51 жатын және 81 отыратын орын. Бұдан бөлек қысқатолқынды пеш, желдеткіш пен жаңа дәретханалар орналастырылып, 6 бейнекамерамен жабдықталған.

Бейнекамерадағы көрініс жолсеріктің бақылауында болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа ескі вагондарды жаңартуда ел бюджеттін айтарлықтай үнемдеген. Мәселен ескі вагондарды жаңарту үшін 148 млн теңге жұмсаса, судай жаңасын сатып алу үшін 400 млн теңге  жұмсайтын еді. Жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етіп тұрған 2029 вагон болса, соның 85-і ғана жаңарған.

Exit mobile version