Қыстаққа шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Бұл туралы Azattyq Rýhy сайты Атырау облысы полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасайды.
«Оқиға 9 қаңтар күні кешкісін орын алған. Медициналық маска киген екеу Индер ауданы Есбол ауылы тұрғынының үйіне баса-көктеп кіріп келген. Қылмыс аталған елді мекеннен 6 шақырым қашықтықтағы қыстақта орын алған. Пышақпен қаруланған қылмыскерлер үй иесін соққыға жығып, ұялы телефон, қуаттағыш және 50 мың теңгені қолды қылған. Жалпы шығынның көлемі 159 мың теңге»,-депті құқық қорғау органдары.
Облыстық полиция Департаменті мен Индер аудандық бөлімінің тергеу амалдарының нәтижесінде күдікке ілінген Атырау және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Exit mobile version