Өкпенің қабынуына ұқсайтын коронавирус алғаш рет желтоқсан айында Ухань қаласында пайда болған. Осыдан кейін індет Бейжің мен Шанхайға таралып, Оңтүстік Корея, Таиланд және Жапонияда да анықталды. Қазіргі таңда АҚШ-қа да келіп жетті.Қытайдың өзінде қауіпті дертті қазірге дейін 300-ге жуық тұрғын жұқтырған. Олардың 51-і ауыр халде жатыр. 6 адам көз жұмды. Дәрігерлер жаңа вирус адамнан адамға жұғатынын мәлімдеді. Қазір қауіпті індет зерттеліп жатыр.