Ресейде қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады

by Depti
0 views

Краснодардан Қазақстанға бағыт алған автобус КамАЗбен соқтығысып, апатқа ұшырады, – деп хабарлайды “Хабар 24” телеарнасы. Волгоград облысы бойынша Ресейдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қоғамдық көлікте барлығы 56 адам болған. Оның төртеуі қазақстандық, екеуі Тәжікстан азаматы, қалғаны өзбекстандықтар. Автобусты Қазақстан азаматы айдағаны белгілі. Апат салдарынан автобус жүргізушісі және екі қазақстандық әртүрлі жарақат алған. Олар Волгоградтың ауруханаларының біріне жеткізілді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, алған жарақаттар қазақстандықтардың өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Қазақстанның Астрахандағы елшілігі аурухана әкімшілігімен және полиция өкілдерімен байланыста екенін жеткізген.

Дереккөз: tengrinews.kz

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com