Мемлекет басшысы Жолдауының «Бірінші бастамасында» айтылған «Ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері өспегені белгілі.
Сондықтан, Президентіміз 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды.
Жыл сайын жұмыссыздардың көлемі артып келеді, жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасымен 1366 адам жұмыспен қамтудың шара- ларына тартылды. Атап айтатын болсақ, қайта даярлау курсына 51 адам оқытылса, 52 адам жастар тәжірибесіне, 30 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 681 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 496 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 107 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен дәріс алып, 40 адамға мемлекеттік грант, 17 адамға несие берілді.
Күні бүгінгі жұмыссыздық деңгейі 4,7 % құрап отыр.
Бұл ретте, төменгі жалақы көлемінің өсуі ел халқымен қоса ауданның көптеген аз қамтылған, жағдайы төмен отбасыларына оң септігін тигізетіні көңіл қуантады.
Мемлекет басшысының шешімі жалпы әлеуметтік жағдайды реттеуге, жағдайы төмен отбасылардың тұрмысына және жақсы өмір сүруіне мол ықпал етуі тиіс және бұл бастама елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді деп сенеміз.
Гүлжан ЖҰМАЛИЕВА,
Исатай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры
#Жолдау2021