“Қарапайым еңбек адамдарының жалақасын көтеру керек”

by Depti
0 views

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті өз Жолдауында көптеген әлеуметтік мәселелерді көтеріпті.

Әсіресе, маған Президентіміздің ауылдардағы қарапайым еңбек адамдарының жалақасын көтеру керек деген сөзі қатты ұнады.

Шынынды да, қазіргі кезде ауылдық жердегі көптеген еңбек адамдары ең төмен жалақыға өмір сүріп келеді. Жалақының аздығы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отыр.

Ал, дүкендерде, базаларда азық-түлік бағасы күннен күнге өсіп барады. Бұл мәселені дер кезінде шешпесе, арты үлкен қиындықтарға душар етуі мүмкін.

Алайда осыны дұрыс түсінген Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы оң шешім қабылдады деп ойлаймын. Яғни, ең төменгі жалақының 42500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін өсуі – бұл барлық жұмыс істейтін миллионнан астам адамға өз әсерін тигізетіні айдан анық. Бұл сондай-ақ біріншіден, төменгі жалақының азаматтардың экономикалық тәуелсіздік деңгейінің жоғарылауы. Екіншіден, ең төменгі жалақы алатын адамдардың санының азаюы. Үшіншіден, жұмыс беруші жақ осы шығындар есебінен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жоғары жалақы және білікті жұмысшыларды қалыптастыруы. Сол себепті, Мемлекет басшысының жұмыс берушілерді жұмысшылардың жалақысын көтеруге ынталандыру туралы шешімі жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға оң серпін беретіні дау тудыр-маса керек.

Ең бастысы, Ел Президентінің еңбек адамдарын әлеуметтік- экономикалық тұрғыдан ынталандырудың маңызды шараларына бастамашы болғаны қуантады.

Мырзажан БАЛПАНОВ,

Жанбай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com