АТЫРАУЛЫҚТАР СУПЕРМАРКЕТТЕ ДҮРБЕЛЕҢ ТУДЫРДЫ (ВИДЕО)

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Әлеуметтік желілерде азық-түлік дүкендері мен базарлары жабылып қалады деген жалған ақпаратқа сеніп, қаладағы бір супермаркетте толып жиналған халықтың видеосы тарады.

   «Жедел штаб жергілікті тұрғындарды сауда нысандарында дүрбелең туғызбауға шақырды», — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал, азық-түлік базарлары 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, — деп түсіндірді Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: