COVID-19АТЫРАУДАИнфографика

Соңғы тәулікте 2302 атыраулық екпе алды

Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

23 тамыз бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 2 302 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 31 дәрігер, 121 педагог, 107 студент, 6 жабық мекеме, 9 құқық қорғау орган қызметкерлері, 29 мемлекеттік қызметші, 215 созылмалы ауруы бар науқастар, 1 784 жергілікті тұрғын.

img 20210824 wa0010 1

2021 жылғы 1 ақпан мен 23 тамыз аралығындағы кезеңде барлығы 180 764 адам Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 130 303 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы  вакциналар  туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button