ЕЛІМІЗДЕ ҚАНДАЙ МЕКЕМЕЛЕР 18 МАМЫРДАН БАСТАП ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ?

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

13 мамыр күні   премьер-министрдің орынбасары  Ералы Тоғжановтың төрағалығымен короновирустың таралуын алдын  алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында нақты шешімдер қабылданды.  Атап айтсақ, 18 мамырдан бастап төменде аталған нысандар өз қызметіне бастайды:

  • Қонақ үй кешендері;
  • Қоғамдық тамақтану орындары (30 орынға дейін);
  • Жаздық дәмханалар;
  • Діни мекемелер

Бұдан бөлек, 1 маусымнан бастап пойыздар жүре бастайды. Пойыз билеттері 15 мамырдан бастап сатылады.

Айта кету керек, 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар және Зайсан әуе бағыттары ашылады.