АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ЭКС-ОРЫНБАСАРЫ НҰРСӘУЛЕ САЙЛАУОВА БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында кінәлі деп табылған Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Н.Сайлауова бостандыққа шықты. Бұл туралы оның адвокаты Анар Кусаинова өзінің  Facebookпарақшасында жариялады.

«Қазір ғана Атырау облыстық соты менің қорғалуымдағы тұлғаны қамаудан босатуға қаулы етті, облыстық прокуратураның қарсылығы қабыл алынбады. Оны ақтамағанымен, ал бұған негіздеме бар, алда Жоғарғы Сот бұл құқықтық бассыздықты түзетеді деген сенімдемін .  Бір жылдық жұмыс өз нәтижесін берді» — depti Нұрсәуле Сайлауованың адвокаты.

Айта кету керек, Н.Сайлауова  189-бап («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу»), 366-бап («Пара алу»), 190 («Алаяқтық»), 362-бап («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») бойынша кінәлі деп табылған.  Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: