АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 474 АДАМ БОЛДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

  «Атырау облысында Теңіз кенішінің тағы 17 жұмысшысы  COVID-19 инфекциясын жұқтырды. Олардың арасындағы ең кішісі 21 жаста», — деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандар  — кен орнынан шығар алдында  скринингтен өткен жұмысшылар. Атап айтқанда, науқастар  — 1997, 1999, 1961, 1989, 1986, 1994, 1970, 1991. 1982, 1990, 1988, 1989, 1968, 1984, 1982, 1989, 1989 жылғы 17  ер адам.

Covid — ке алынған тесттен  оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға  жатқызылады және хаттамаға  сәйкес тиісті ем алады.

Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің  бақылауына  алынды. Қазіргі уақытта инфекция  ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.