«ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ РЕСУРСТЫҚ БАЗАНЫ ҰЛҒАЙТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚОЛҒА АЛДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) ресурстық базаны ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы Сағидолла Нұржанов кен орнының солтүстік-батыс бөлігінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу барысында табысты нәтижелерге қол жеткізілді.

— Негізінен байырғы кен орындарды игеретін компанияның басым міндеттерінің бірі ресурстық базаны ұлғайту болып табылады. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде С.Нұржанов кен орнының бұрғыланбаған бөлігіндегі триас шөгінділерінде 3252-3265 м тереңдікте жаңа өнімді горизонт анықталды. НСВ-11 бағалау ұңғымасын бұрғылау қорытындысы бойынша 9 мм штуцерде   тәулігіне 165 м3 дебитпен сусыз мұнай бұрқағы алынды (мұнайдың үлес салмағы – 0,836 г/см3; газ факторы – 105 м3/м3). Қазіргі уақытта мұнда ұңғыма жұмысының оңтайлы режимін анықтау мақсатында кәсіпшілік-геологиялық және гидродинамикалық зерттеулер кешенін жүргізу арқылы сынақ жұмыстары жалғасуда, — деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: