ҚАЛАЛЫҚ СУБҰРҚАҚҚА СОҚТЫҒЫСҚАН ЖҮРГІЗУШІГЕ ҮКІМ ШЫҚТЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  610-бабының 1-бөлігімен азамат Е.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айында, 19 сағат 05 минут шамасында азамат Е.С. «Hyundai Accent 1.4» маркалы көлік құралын басқарып, Атырау қаласы, Азаттық-Абай көшелері қиылысында басқару жүйесін игере алмай, қоршауға соқтығысқан.

Нәтижесінде Азаттық-Абай көшелерінің айналма жолының бойында орналасқан субұрқақ бүлінген.  

Сотқа бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы қатысқан құқық бұзушы Е.С. кінәсін мойындап, көлікті басқарып келе жатып, есінен айырылғанын және басқару жүйесін игере алмай, субұрқаққа соқтығыс жасағанын айтты. Келтірілген материалдық залалды толығымен өтеді.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Е.С. кінәлі деп танылып, оған 38 892 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: