ТЕҢІЗ КЕНІШІНІҢ 6 ЖҰМЫСШЫСЫ COVID-19 ІНДЕТІНЕН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

   Өңірде коронавирустан айыққандар саны 180 адамға жетті, — деп хабарлайды Жедел штаб.

  Атырау облысында тағы алты адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың барлығы — Теңіз кен орнының жұмысшылары. Атап айтқанда, 40, 21, 39, 27, 28 жастағы бес ер адам мен 46 жастағы әйел.

— Қазіргі уақытта олардың жағдайы қалыпты,  өздерін жақсы сезінеді. Коронавирустың бар жоғын анықтау үшін жасалған соңғы  тест теріс көрсеткіш көрсетті, — дейді Жедел штаб.

Осылайша, Атырау облысында коронавирустан сауығып шыққандар саны 180 адамға жетті.