ТОҚАЕВ: ҮКІМЕТ 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП 14 КҮНГЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАУДЫ ҰСЫНДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

 Қазақстан үкіметі 5 шілдеден бастап карантин жариялау туралы ұсыныс жасады. 

«Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді», — деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда COVID-19 таралуын тоқтатуға байланысты 3 сценарий ұсынған болатын. Ведомство басшысы айтқан үш жолдың бірі — барша ел бойынша екі аптаға қатаң карантин жариялау. Ол көктемдегідей карантин енгізілсе, елде тәулігіне ауруханаға жатқызылуы тиіс жеті мың науқас болатынын алға тартты. Министрдің айтуынша, тамыз айының соңында ауруханаларда 80 мың орын қажет болады. 


1 комментарий

  1. Менің жумыс жасағым келеді құрметті үкіметтегі мырзалар!
    Маған айлық ,табыс,тамақ керек!жаз айы көкөністер ,витаминді тамақтар ,дәрі дәрмекке ақша керек!карантин керек емес!өзіміз үшін маскада жүреміз!Сіз бізді ойласаңыз,Алладан қорқатын болсаңыз Біздің санаулы ғұмырымыздағы еркіндігімізді шектемеңіз үкіметтегілер және Тоқаев мырза.80жастағы Елбасы жеңді,демек бізде жеңеміз Алла қаласа!
    (Айлығы 80мын ға дәмхана қызметкерлері атынан)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: