АТЫРАУҒА КЕЛГЕН ГУМАНИТАРЛЫ КӨМЕК ҚОЙМАДА ЖАТҚАНЫ ҚАЛАЙ?

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Антикор мәліметі бойынша өңірімізге келген гуманитарлы көмек Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының қоймасында жатыр деген ақпаратты таралды.

Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында осы ақпаратқа қатысты жауап берілді.

«Мұндай ақпаратты өзім де оқыдым, хабардармын. Аталған қоймада медицина қызметкерлеріне қажетті маска, киім және т.б. заттар бар. Әр медициналық мекеме берген сұранысқа сәйкес, қажетті заттарды таратып отырамыз» — depti Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдықапаров Нұрлыбек Рысқалиұлы.

Тоқ етері, қоймадағы гуманитарлы көмек жаппай халыққа тарататын емес, тек қана медициналық мекемелерге қажетті бір бөлігі. Оны бірден емес, біртіндеп медицина мекемелеріне беріп отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: