РЕГРЕСС: АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ АПТАДА COVID-19 ЖҰҚТЫРҒАНДАР АЗАЙДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Өңірде соңғы бір аптаның ішінде қауіпті індетке шалдыққан адамдардың саны 210-ға, азайған, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.

— Бүгінгі күні облыс көлемінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 873 жағдай тіркелген. Бір күннің ішінде 177 адамның қауіпті індетке шалдыққаны айқындалып отыр. Бұрынғы тіркелген жағдайлармен салыстырғанда, бұл соңғы бір аптада COVID-19 жұқтыру жағдайы 210-ға азайғандығын көрсетеді, — деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Айта кетейік, бүгінде облыстағы коронавирустан жазылып шыққандар  саны ауырып шыққан адамдардың 60 пайызын құрайды. Нақтырақ айтқанда  5 253 адам COVID-19-дан айықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: