МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ҚАТЫСТЫ ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты. 

«Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу үшін бірден батыл әрі қатаң шараларды қолға алдық. Бұл шаралар көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Алайда азаматтардың карантин шараларын жаппай сақтамауынан, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жүйелі қателіктерінен және әкімдердің сылбырлығынан біз коронавирустың екінші толқынымен, пневмонияның шұғыл өсімімен бетпе-бет келдік», — деді Мемлекет басшысы.

 Айта кетейік, бұған дейін Президент дәрігерлерді БАҚ арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруге шақырған болатын. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: