ҚАШЫҚТАН ОҚУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қазіргі уақытта кезекті толқынның алдын алу мақсатында оқушылар қашықтан білім алуды жалғастырады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Оның айтуынша, жабық кеңістікте адам санының көп болуы індеттің таралуын жоғарылатады. Балалар арасында коронавирустың таралу көрсеткіші төмен болғанмен, кез келген бала инфекция көзіне айналуы мүмкін.

Сыныпта бір бала ауыратын болса, оқушылар мен мұғалім 14 күндік карантинге жіберіледі. Сондай-ақ бұл жерде баламен қарым-қатынаста болған ата-ананы да ескеру керек. Бұл жағдайда адам саны көбейіп, ауру жұқтыру қаупі артады.

Ресми мәлімет бойынша, елімізде наурыз айында 2418 бала коронавируспен ауырған. Олардың 98 проценті жазылды. Ал 34 бала емделіп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: