ЖОЛ-КӨЛІК АПАТЫН ЖАСАҒАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛА АЛМАДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

10 қыркүйек күні сағат 21:10 шамасында 102 операторына хабарласқан 1994 ж.т. азамат, Береке ықшам ауданы 46 үй тұсында «Hyundai Elantra» автокөлігін басқарып келе жатқан кезде, мемлекеттік белгісі анықталмаған «Lada Priora» автокөлігі қарсы бағыттан келіп соқтығысып, оқиға орнына тоқтамастан, ізін жасырып кетіп қалғаны жөнінде айтты, — depti Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, тиісті жұмыстарын жүргізді. Ұзамай, жан-жақты іздестіру жұмыстары барысында полицейлер күдікті көлікті анықтап, жүргізушісі 1986 ж.т. азаматқа қатысты әкімшілік хаттама жасақтады.

— Полиция қызметкерлеріне, көлігіме зиян келтіріп, қашып кеткен жүргізушіні жедел тауып жауапкершілікке тартқандары үшін алғысым шексіз, — depti Манас Өзекбаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: