АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МҰНАЙ АЙДАУ СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖҰМЫС ОРНЫНДА ВЕЛОСИПЕДПЕН ҚАТЫНАЙДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау өңіріндегі мұнай компаниялары қызметкерлердің қауіпсіздігі мен жұмыс барысындағы техникалық ережелерді басты орынға қояды. Солардың бірі стратегиялық аймақта қатаң талапқа сай жұмыс атқаратын кәсіпорын Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК).

Атаулы компанияның мұнай айдау станциясы (МАС) 13 Га жерді қамтиды. Бұл жерде қазандықтар шалғай орналасқандықтан, қызметкерлердің лезде жетуіне ерекше жағдай жасалған. Жұмысшылар велосипедпен станция ішінде емін-еркін жүйткіп жүре береді. Өйткені қаз-қатар тізілген мұнай толы қазандықтардың арасымен машинамен жүру қауіпті. Ауысымдағы бір станцияда қызмет істейтін 200-ден астам адам велосипедтерді пайдаланады. «Атырау» МАС аумағында велосипед енгізілген сәттен бастап жарақат немесе зақым туралы шағымдар тіркелген жоқ. Бұл аумақ бойынша қозғалыс жылдамдығын үш есе арттырды. Қашанда компания өкілдерінің өтініш-талаптарына құлақ асатын басшылық бұл ұсыныс кәсіпорын қызметкерлері тарапынан болғанын жеткізді.

Мұнай айдау станциясының басшысы Саламат Сәрсенғалиев те жаңа жоба аясында арнайы алынған үш аяқты велосипед қызметкерлердің денсаулығы өте пайдалы, әрі қауіпсіз екенін алға тартты.
Велосипедтерді сатып алу компания қызметкерлеріне және олардың жұмысына оң әсер еткен. Мысалы:

  • қызметкерлердің салауатты өмір салтын ұстануы дағдыға айналды;
  • технологиялық операцияларды орындауға жедел түрде жүзеге асатын болды;
  • Станция аумағы бойынша қозғалыс жылдамдығы үш есеге, 5км/сағ-тан шамамен 15 км/сағ-қа дейін ұлғайды.

Естеріңізге сала кетейік, КҚК– Қазақстан мұнайының үштен екі бөлігін Қазақстаннан Қара теңізге тасымалдайтын ірі халықаралық компания. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 км. Сондай-ақ шикізат Ресейден, оның ішінде Каспийде орналасқан кен орындарынан тасымалданады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: