АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 6 ОТТЕГІ СТАНЦИЯСЫ САЛЫНУДА

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаров айтты», — деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
«Атап айтқанда, ​ облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталықта және Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі станциясының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі станциясын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда», — деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаров.
Еске сала кетелік, облыстың медициналық ұйымдары бүгінде 224 ИВЛ аппаратымен, 27 рентген аппаратымен, 10 компьютерлік томография аппаратымен, 977 оттегі генераторымен және 1100 пульсоксиметрмен қамтамасыз етіліп отыр.
Облыстың емдеу-сауықтыру ұйымдарында жеке қорғаныш құралдарының​ екі айлық қоры бар. Дәрі-дәрмек қоры ​ жеткілікті. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: