БИЫЛҒЫ ТҰМАУ КОРОНАВИРУСПЕН ҚАТАР ӨТУІ МҮМКІН

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пандемия жағдайында тұмау «COVID-19» жұқпасымен қатарласып өтуі мүмкін. Сондықтан көпшілік жерге бармаған дұрыс, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Жедел респираторлық вирустық жұқпа ауа арқылы таралады. Сондықтан, маусымдық жұқпадан ешкім қорғалмаған. Әсіресе, балалардың иммунитетін көтеретін құрамында С дәрумені бар тағамдарды көбірек қолдану керек. Ең дұрысы – иммунитеті әлсіз бала да, егде жасқа келген үлкен кісі де тұмауға қарсы екпе алғаны дұрыс», — depti №2 Атырау қалалық емханасының отбасы денсаулығы бөлімінің меңгерушісі Бексана Мағауия Атырау облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.


Тегін вакцинаны мына топтағы адамдар алады:
*Медицина қызметкерлері;
*Медициналық бақылауға жататын балалар;
*Алты айдан асқан көп ауыратын балалар;
*Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;
*Сәбилер үйлері балалары;
*Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары;
*Жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер;
*Жүрек — қантамыр жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар науқастар.

Айта кетелік, облыс бойынша емханаларда тұмауға қарсы екпе салу 15 қыркүйек пен 15 қазан айы аралығында жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: