АТЫРАУДА КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ЖАТҚАН БАЛА ЖОҚ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пандемия кезінде Атырау облыстық балалар ауруханасында жоспарлы ем алғандар ішінен алпысқа жуық баладан коронавирус жұқпасы анықталды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

«Короновирус жұқпасы анықталған алпысқа жуық баланың 18-інде «СOVID-19» жұқпасының симптомы болған.  Оның 13-і дер кезінде Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.
Бес балада «COVID-19»  жұқпасымен қоса туабітті және созылмалы ауруы болғандықтан балалар ауруханасында емделді.  Қалған қырықтан астам  балада короновирустың симптомсыз түрі анықталғандықтан, оларды жергілікті емхана дәрігерлері бақылауда ұстады. Қазіргі уақытта балалар сау, сынама нәтижесі «теріс» көрсетіп отыр.
Қазір коронавирус жұқпасымен ем алып жатқан бала жоқ» —  depti Атырау облыстық балалар ауруханасының  дәрігері Айгүл Сүндетова, Атырау облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: