ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Биыл зейнетақы төлемдерін қоспағанда, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Қарттар күні аясында Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 216,7 мың адамды қамтитын 2,3 миллиард теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетілмек.
Жалпы, биыл, жергілікті бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 15,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде жергілікті бюджеттен – 14,2 миллиард теңге, тартылған қаражат есебінен – 1 миллиард теңге.
• Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне бірреттік материалдық көмекке 123,6 мың адамға – 7,6 млрд. теңге;
• Aзық-түлік себетін беруге 233,4 мың адамға – 1 миллиард 481,1 млн. теңге;
• Жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 40,8 мың адамға – 174,2 миллион теңге;
• Тісті протездеуге 3 мың адамға – 142,7 миллион теңге;
• Шипажайлық емделуге 19,5 мың адамға – 1 млрд. 362,3 миллион теңге;
• Тұрғын үйді жөндеуге 376 адамға – 46,4 миллион теңге;
• Отынмен қамтамасыз етуге 3,7 мың аддамға – 136,1 миллион теңге;
• Қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге 133,9 мың адамға – 740,7 миллион теңге;
• Көмектің басқа түрлеріне 134 мың адамға 3 498,8 миллион теңге бөлінген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: